Жамбыл облысы іс басқарушысы Халид Қожахметов Қордай ауданына арнайы іс сапармен келді. Іс сапар барысында ол аудандағы бірқатар мешіттердің құжаттарының реттелу барысымен танысып, олардың заң талаптарына сәйкестігін зерделеді.
Сонымен қатар діни нысандардың қызметі, материалдық-техникалық жағдайы және жергілікті жамағатпен атқарылып жатқан жұмыстар да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, Масаншы ауылындағы «Ал-куддус» мешітінің құжаттары жіті тексеріліп, бірқатар кемшіліктер анықталды.
Осыған байланысты жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, құжаттарды заң талаптарына сай толық ретке келтіру қажеттігі ескертілді. Нәтижесінде, «Ал-куддус» мешітінің құжаттарын жақын аралықта толықтай рәсімдеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (Муфтият) балансына өткізу тапсырылды. Бұл өз кезегінде мешіт қызметінің жүйелі түрде жүргізілуіне, құжаттық және құқықтық мәселелердің оңтайлы шешілуіне мүмкіндік береді. Іс сапар барысында өңірдегі діни ахуал, мешіттердің жұмысы және алдағы жоспарлар төңірегінде де пікір алмасу өтті.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

