«Жәми» мешіті қабырғасында орыс тілді топқа арналған тәрбиелік және танымдық іс-шара ұйымдастырылды. «Анаға көмекші» атты конкурсқа аналар, әжелер, қыздар мен немерелер қатысты.
Шара барысында қыздар аналарына үй шаруасында қалай көмектесетіндерін көрсетіп, өздерінің еңбегі мен жауапкершілігін танытты. Ал әжелер қатысушылардың жұмысын бағалап, әділ қазылық етті.
Конкурс соңында қонақтарға дастархан жайылып, рухани кездесу ұйымдастырылды. Онда уағыз айтылып, Құран оқылып, дұға жасалды. Іс-шара жылы әрі әсерлі атмосферада өтіп, қатысушыларға тәрбиелік мәні зор, есте қаларлық әсер қалдырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

