Ақсу ауылында қоғам қауіпсіздігі мен рухани тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Ақсу ауылдық мешіті имамы Байұзақ Жаманкиев ауылдағы ақ халатты абзал жандармен жүздесіп, дөңгелек үстел өткізді.
Шара барысында “Экстремизм мен радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыру” тақырыбы кеңінен талқыланып, қоғамда тұрақтылықты сақтау, діни сауаттылықты арттыру және жат ағымдардың алдын алу мәселелері сөз болды. Имам өз сөзінде рухани иммунитетті қалыптастыру – әрбір азаматтың саналы таңдауы мен дұрыс бағыттағы білімінен басталатынын атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған ұсыныстарымен бөлісті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

