Ақсу ауылында рухани бағыттағы маңызды басқосу өтті. Ақсу ауылдық мешітінің имамы Байұзақ Жаманкиев ауыл тұрғындарымен дөңгелек үстел ұйымдастырып, “Рухани даму және азаматтық сана” тақырыбын кеңінен талқылады.
Кездесу барысында қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және саналы ұрпақ тәрбиелеу мәселелері сөз болды. Имам өз сөзінде бірлік, татулық және ізгілік секілді қасиеттердің қоғам тұрақтылығындағы рөлін атап өтті.
Жиын соңында тұрғындар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Мұндай форматтағы кездесулер ауыл тұрғындарының рухани танымын кеңейтуге және қоғамдық сананы дамытуға ықпал ететіні айтылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

