Шу аудандық «Ыбырай Алтынсарин» атындағы орта мектепте «Жәми» мешіті ұстазы Ерғазы Ақпанов оқушылармен кездесті.
Кездесу “Қоғамдағы өзара құрмет” тақырыбы аясында ұйымдастырылып, онда ұстаз жас буынға сыйластық, адамгершілік және қоғамдағы дұрыс қарым-қатынас мәдениеті туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, өзара құрметтің қоғам тұрақтылығы мен бірлігін нығайтатын маңызды құндылық екені атап өтілді.
Іс-шара барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, еркін пікір алмасу өтті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

