Шу ауданында оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған мазмұнды кездесу өтті. «Ы. Алтынсарин» атындағы орта мектеп қабырғасында «Жәми» мешіті ұстазы Ерғазы Ақпанов жас буынмен жүздесіп, тағылымды әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында ислам дініндегі асыл құндылықтар, адамгершілік пен ізгілік қағидалары кеңінен насихатталды. Ұстаз оқушыларға адалдық, әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды қасиеттердің қоғамдағы маңызына тоқталып, өнегелі ойларымен бөлісті.
Еркін форматта өткен шарада оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

