“Төле би” мешіті алдында ұстаз Руқиям Абдуллақызының бастамасымен игі іс-шара — қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге мешітте діни білім алып жүрген қазақ және орыс тілдес шәкірттер белсене қатысты. Дастарханға үй тағамдары мен тәттілер ұсынылды. Іс-шара барысында жиналған қаражат мешіт асханасының құрылысына жұмсалатыны атап өтілді.
Іс-шараға мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ол шәкірттерге білім алу жолында табандылық танытып, рухани ізденісті жалғастыруға шақырып, ақ батасын берді.
Аталған жәрмеңке мешіт жамағаты арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, жас ұрпаққа ізгілік пен қайырымдылықтың үлгісін көрсетті.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

