Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаевтың ұйымдастыруымен мешітте кілем ауыстыру және жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мешіттің ішкі көрінісін жаңарту мақсатында жаңа кілемдер төселді. Бұл игі іс жамағатқа қолайлы әрі таза құлшылық ету ортасын қалыптастыру үшін жасалды.
Жұмыс барысында мешіт іші толық тазаланып, ретке келтірілді. Жаңа кілемдер намаз оқушыларға жайлылық пен тазалықты қамтамасыз етеді. Қызметкерлер мен демеушілер бұл іске өз үлестерін қосты. Жаңартылған кілемдер мешіттің көркін арттыра түсті. Тұрғындар жасалған жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Бұл шара мешіттің рухани әрі мәдени ортасын одан әрі жақсартуға ықпал етті.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

