Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінде ұстаз Малик Унгарбаев ақида сабағы өткізді. Сабақта Алланың субути сипаттары, соның ішінде «Әл-Хаят» және «Әс-Сәмиъ» тақырыптары түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – жамағаттың діни білімін арттырып, ақида негіздерін тереңдету болды.
Ұстаз «Әл-Хаят» – Алланың мәңгі тірі екендігін білдіретін сипат екенін кеңінен баяндады. Сонымен қатар, «Әс-Сәмиъ» – Алланың барлық дыбысты, сөзді толық еститін сипат екені түсіндірілді. Сабақ барысында бұл сипаттардың адам сеніміндегі орны мен маңызы айтылды.
Малик Унгарбаев әрбір мұсылманның Алланың сипаттарын дұрыс танып-білуі қажет екенін атап өтті. Жамағатқа тақырып аясында Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтірілді. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Сабақ рухани әрі танымдық тұрғыдан мазмұнды өтті. Жиналғандар ақида білімін арттырудың маңыздылығын терең сезінді. Кездесу соңында жамағат алған білімдерін өмірде қолдануға ниет білдірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

