Қызылқайнар ауылы, "Бейсеу ата" мешітінің имамы Ермуханбет Берсүгір келген жамағатқа «Жастардың діндегі рөлі» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты. Уағыздың негізгі мақсаты – жастардың діндегі орнын түсіндіру және олардың рухани тәрбиесін күшейту болды. Имам өз сөзінде жастардың қоғамдағы белсенділігі мен имандылықтағы жауапкершілігі ерекше екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жас буынның дұрыс бағытта тәрбиеленуі – ел болашағының кепілі екені айтылды. Жамағатқа жастардың білім мен иманды қатар ұстануының маңызы түсіндірілді. Уағыз барысында жаман әдеттерден аулақ болу және жақсы істерге ұмтылу қажеттігі кеңінен насихатталды. Имам жастардың бос уақытын пайдалы істерге арнаудың маңызын жеткізді. Кездесу кезінде өмірден алынған өнегелі мысалдар келтірілді.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жамағат бұл насихаттан рухани әсер алып, ой түйді. Кездесу соңында жастардың қоғамда белсенді әрі иманды азамат болуы қажет екені атап өтілді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

