ЖАМБЫЛ: ДӘСТҮРДЕГІ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ: ДӘСТҮРДЕГІ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев жамағатпен кездесіп, «Дәстүрдегі отбасылық құндылықтар» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық дәстүр мен отбасы тәрбиесінің маңызын насихаттау болды. Имам өз сөзінде қазақ халқының отбасылық құндылықтары ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұра екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ата-анаға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау және кішіге қамқор болу дәстүрдің негізі екені түсіндірілді. Жамағатқа берекелі отбасының қоғам тұрақтылығына қосатын үлесі кеңінен баяндалды. Кездесу барысында отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік пен сыйластықтың рөлі ерекше айтылды. Имам қазіргі қоғамда ұлттық құндылықтарды сақтау маңызды екенін жеткізді.

Қатысушыларға отбасындағы татулық пен өзара түсіністікті нығайтудың жолдары түсіндірілді. Жамағат өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына нақты жауаптар алды. Кездесу мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор форматта өтті. Қатысушылар мұндай түсіндірме жұмыстардың пайдалы екенін атап өтті. Іс-шара соңында жамағат ұлттық құндылықтарды құрметтеп, отбасылық тәрбиені күшейтуге ниет білдірді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: