Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев жамағатпен кездесіп, пәтуа сағатын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың діни сауалдарына нақты әрі дұрыс жауап беру болды.
Пәтуа сағаты барысында жамағат көкейлеріндегі түрлі сұрақтарын қойды. Имам шариғатқа негізделген тұшымды жауаптар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелер кеңінен талқыланды.
Қатысушыларға дұрыс ақпаратты сенімді дереккөздерден алу қажеттігі айтылды. Кездесу барысында имандылық, әдеп және жауапкершілік тақырыптары да қозғалды. Жамағат бұл басқосудан пайдалы мәліметтер алып, өз ризашылықтарын білдірді. Пәтуа сағаты өзара түсіністік пен рухани байланыс орнатуға ықпал етті.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

