Айша бибі ауылы "Айша бибі" мешітінің имамы Катарбай Таджибаев жамағатпен кездесіп, «Ысырапқа жол жоқ» тақырыбында тағылымды уағыз айтты. Уағыздың негізгі мақсаты – адамдарды үнемшілдікке, қанағатшылдыққа тәрбиелеу болды. Имам өз сөзінде ысырапшылдықтың адам өміріне де, қоғамға да зиян келтіретінін атап өтті.
Сонымен қатар, шариғатта ысырап етуге тыйым салынғаны жайлы кеңінен түсіндірілді. Жамағатқа адал ризықты қадірлеу және барға шүкір ету керектігі жеткізілді. Уағыз барысында күнделікті өмірде ысырапқа жол бермеудің нақты мысалдары келтірілді. Имам әрбір мұсылманның өз ісіне жауапкершілікпен қарап, үнемшіл болуға міндетті екенін айтты. Қатысушыларға қарапайымдылық пен қанағаттың адамды рухани байытатыны түсіндірілді.
Жамағат өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесу мазмұнды әрі әсерлі түрде өтті. Қатысушылар уағыздан пайдалы мағлұмат алып, ризашылықтарын білдірді. Мұндай насихаттар қоғамда дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Кездесу соңында жамағат ысырапсыз өмір сүруге ниет білдірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


25 Сәуір 2026
8 Зуль-каада 1447

