ЖАМБЫЛ: АУЫЗБІРШІЛІКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ЖАМБЫЛ: АУЫЗБІРШІЛІКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ерназар ауылдық мәдениет үйінде «Ауызбіршіліктің маңыздылығы» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге аудандық бас имам Д.Куттыбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Тойшыбек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сырлыбаев және аудандық теолог маманы инспектор А.Шадиев қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайту, адамдарды өзара сыйластыққа шақыру болды. Кездесу барысында ауызбіршіліктің ел дамуы мен тұрақтылығындағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, бірлік бар жерде береке болатыны туралы тағылымды ойлар айтылды. Қатысушыларға ынтымақ пен келісімнің әрбір отбасыдан басталатыны жеткізілді. Шара барысында өмірден алынған мысалдар келтіріліп, тақырып жан-жақты ашылды.

Ауыл тұрғындары өз пікірлерін ортаға салып, еркін пікір алмасу жүргізді. Жастарға үлкендерді құрметтеу, кішіге ізет көрсету секілді ұлттық құндылықтардың маңызы түсіндірілді. Кездесу жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай тағылымды шаралар қоғамдағы бірлік пен татулықты арттыруға ықпал етеді. Кездесу соңында жиналғандар ауызбіршілікті сақтаудың маңызы зор екенін атап өтті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: