ЖАМБЫЛ: НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

ЖАМБЫЛ: НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Ермуханбет Берсүгір келген жамағатқа «Нәпсіні тәрбиелеу жолдары» тақырыбында тағылымды уағыз айтты. Уағыздың негізгі мақсаты – адам бойындағы нәпсіні тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіру болды.

Имам өз сөзінде нәпсіні тыю – имандылықтың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, сабыр, шүкіршілік және өзін-өзі бақылау арқылы нәпсіні жеңуге болатыны айтылды. Жамағатқа күнделікті өмірде жақсы амалдар жасау арқылы рухани тұрғыда өсу жолдары түсіндірілді. Уағыз барысында Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтірілді. Имам әрбір мұсылман өз нәпсісімен күресіп, көркем мінез қалыптастыруы керектігін жеткізді.

Кездесу барысында жамағатқа пайдалы кеңестер беріліп, маңызды ойлар ортаға салынды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Уағыз әсерлі әрі мазмұнды түрде өтті. Соңында жамағат рухани тәлім алып, алған әсерлерімен бөлісті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: