ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев "Домалақ ана" мешітінде жамағатпен кездесу өткізіп, «Ихсан – тәрбие негізі» тақырыбында үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты – ихсан ұғымының мәнін түсіндіру және оны күнделікті өмірде қолданудың маңызын жеткізу болды. Имам өз сөзінде ихсанның адам бойындағы көркем мінез бен шынайы имандылықтың белгісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Аллаға деген шынайы сенім мен жауапкершілік сезімі ихсан арқылы нығая түсетіні айтылды. Жамағатқа ізгілік жасау, сабыр сақтау және адал болу – ихсанның басты көріністері екені түсіндірілді. Насихат барысында адам тәрбиесінде рухани құндылықтардың алатын орны ерекше екені кеңінен баяндалды. Имам мұсылманның әр ісін ықыласпен, шынайы ниетпен орындауы керектігін ерекше жеткізді.

Кездесу барысында өмірден алынған мысалдар келтіріліп, тақырып тереңінен ашылды. Жамағат өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Іс-шара мазмұнды әрі тағылымды сипатта өтті. Қатысушылар рухани әсер алып, өз ризашылықтарын білдірді. Мұндай насихаттар қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосады. Кездесу соңында жамағат ихсан қағидаларын өмірде ұстануға ниет білдірді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: