Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінде бас имамы Даурен Куттыбаевтың ұйымдастыруымен күрделі тазалық және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мешіттің едені толық тегістеліп, арнайы құрылыс талаптарына сай қайта құйылды. Бұл жұмыстар ғимараттың сапасын арттырып, келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынды.
Жөндеу барысында еденнің беріктігі мен ұзақ уақыт қызмет етуіне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, мешіт аумағында толық тазалық жұмыстары жүргізіліп, ішкі-сыртқы бөліктері ретке келтірілді. Қызметкерлер мен ерікті азаматтар бірлесе отырып, тазалық шараларына белсене қатысты. Мешіттің әр бұрышы мұқият тазартылып, тәртіпке келтірілді. Жүргізілген жұмыстар ғибадат орнының көркін арттырып, келушілерге жайлы орта қалыптастырды.
Тұрғындар бұл игі іске ризашылықтарын білдіріп, қолдау көрсетті. Мұндай шаралар мешіттің тек рухани ғана емес, мәдени орталық ретіндегі маңызын арттыра түседі. Нәтижесінде, мешіт жамағатқа қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне бір қадам жақындай түсті.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



25 Сәуір 2026
8 Зуль-каада 1447

