Ислам діні адам баласының тек Алла Тағала алдындағы міндеттерін ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта мен табиғат алдындағы жауапкершілігін де айқындайды. Адамның Жаратушымен байланысы нығайған сайын, ол өзгелерге де, табиғатқа да құрметпен қарап, оған жанашырлық танытады.
Сондықтан Алланы таныған жан ешқашан зұлымдыққа бармайды, табиғатты бүлдіріп, оған зиян келтіруді мақсат етпейді. Еліміз бойынша ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35 мың түп ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. Осы игі шара аясында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде арнайы келген қонақтардың қатысуымен мешіт аумағына жеміс ағаштары отырғызылды.
Аталған шараға Жамбыл облысы наиб имамы Бақтияр Амиреев, РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы және Жамбыл облысы іс басқарушысы Халид Қожахметов қатысты. Игі іске үлес қосқан барша азаматтардың ниеттері қабыл болып, ел игілігі жолындағы еңбектері берекелі болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



25 Сәуір 2026
8 Зуль-каада 1447

