Қордай: «Мисбаһул ислам» мешітінде «Құран оқудың абзалдығы» тақырыбында насихат айтылды

Қордай: «Мисбаһул ислам» мешітінде «Құран оқудың абзалдығы» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Құран оқыңдар, өйткені ол Қиямет күні өзін оқығандарға шапағатшы болады», – деген. Тағы бір хадисте: «Қиямет күні ораза мен Құран пенде үшін шапағатшы болады. Ораза: «Раббым! Мен оны күндіз ішіп-жеуден тыйдым, енді оған шапағат етуге рұқсат ет», – дейді.

Құран: «Раббым! Мен оны түнде ұйқысынан айырдым, енді мен де оған шапағат етейін», – дейді. Сонда Алла Тағала екеуіне де шапағат етуге рұқсат береді», – деп баяндалған. Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Мисбаһул ислам» мешітінде Жамбыл облысы, РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы жамағатпен кездесіп, «Құран оқудың абзалдығы» тақырыбында мазмұнды насихат айтты.

Кездесу барысында Құран оқудың сауабы, оның адам өміріндегі орны мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, жамағат Құранды жиі оқуға, оны түсініп, амал етуге шақырылды. Жаратқан Иеміз баршамызды Құранды көп оқитын, оны жүрегіне тоқитын және амал ететін құлдарынан етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: