Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын ): «Мүмін арам қанға былғанбайынша, дінінде кеңдік ішінде», – деп, адамның өзіне де, өзгеге де қол көтермеуінің маңыздылығын айқындаған. Яғни, кісі қанын төкпеген жан Алланың рақымына үміт ете алады, ал адам өлтіру секілді ауыр күнәдан сақтану – иманның белгісі.
Бұл айтылғандар адам баласының ақыл-есі мен ар-ұжданының өзі кісі өліміне қарсы екенін көрсетеді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «...өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді»,– деп қатаң ескертеді. Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы №14 мектеп 7-11сынып оқушыларымен маңызды кездесу өтті. Кездесуге Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мен Жамбыл облысының наиб имамы Бақтияр Амиреев қатысты.
Жиын барысында жасөспірімдерге өмірдің мәні мен мақсаты, адам өмірінің құндылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, өмірді бағалау, оны игі істерге бағыттау және болашаққа жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды. Кездесу соңында барша жамағатқа амандық, береке, жеңілдік тілеп, Алла разы болатын ғұмыр кешу нәсіп болуы сұралды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



25 Сәуір 2026
8 Зуль-каада 1447

