АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕРМЕН МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕРМЕН МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Алматы шаһарындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі жеке мекемесінің директоры Жарбол Болатұлы студенттермен дидарласты.

Кездесу барысында облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы діни қызметтің қоғамдағы орны мен маңыздылығына кеңінен тоқталып, өңірдегі кадр тапшылығы мәселесін тілге тиек етті. Сондай-ақ, болашақ дін қызметкерлеріне жүктелер жауапкершіліктің жоғары екенін атап өтіп, халықпен жұмыс істеуде білім мен парасаттың, сабыр мен көркем мінездің айрықша рөл атқаратынын жеткізді.

Ал «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Жарбол Болатұлы жас маман қалыптастырудағы негізгі талаптарға тоқталып, терең білім мен үздіксіз ізденістің маңызын атап өтті. Ол дін саласында қызмет ететін әрбір маман заман талабына сай жан-жақты, сауатты әрі жауапкершілігі жоғары болуы қажеттігін айтты.

Кездесу барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан нақты жауап алды. Еркін форматта өткен жүздесу жас буынның кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, олардың дін жолындағы қызметіне серпін берді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: