ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Алматы шаһарындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде дін қызметі саласындағы жұмыс берушілермен кездесу өтті. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі жеке мекемесінің директоры Жарбол Болатұлы қатысты.

Кездесу барысында дін саласындағы кадр даярлау, түлектерді жұмыспен қамту, сондай-ақ қазіргі қоғам талабына сай маман қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, университет бітіруші түлектерге қойылатын талаптар мен дін қызметкерінің бойынан табылуы тиіс негізгі қасиеттерге тоқталды. Сонымен қатар, студенттердің көкейлеріндегі сауалдарға жауап беріп, тәжірибелік кеңестерімен бөлісті.

Мұндай кездесулер жас мамандардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, олардың еңбек нарығына бейімделуіне ықпал ететін маңызды алаң болып табылады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: