Тараз: СИРАДАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖАРЫС ӨТТІ

Тараз: СИРАДАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кеңесхан қажы" мешітінде шәкірттер арасында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмір жолына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты сира пәнінен интеллектуалды жарыс ұйымдастырылды. Танымдық іс-шараға жалпы 5 топ қатысып, білімдерін бірнеше кезең бойынша сынға салды.

Жарыс барысында қатысушылар тест сұрақтары, топтық тапсырмалар, жылдамдық кезеңі, сондай-ақ топ басшылары арасындағы алғырлар сайысы арқылы өзара бақ сынасты. Әр кезең шәкірттердің сира іліміне деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге бағытталды. Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып қана қоймай, топпен жұмыс істеу қабілеттерін де көрсетті.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ ғибратты ғұмыры – мұсылман үмбеті үшін мәңгілік үлгі. Оны тану – дінді танудың бастауы. Осы мақсатта ұйымдастырылған жарыс шәкірттердің білімге деген ынтасын арттырып, олардың діни танымын кеңейтуге, сира іліміне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Іс-шараны "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова жүргізді. Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен топтар арнайы марапаттарға ие болып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

Осындай тағылымды шаралар шәкірттердің рухани дамуына серпін беріп, білім мен тәрбие сабақтастығын нығайтуға өз үлесін қосуда. Алла Тағала шәкірттердің алған білімдерін пайдалы етіп, ілім жолындағы қадамдарына береке нәсіп етсін.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: