Мешіт қажеттілігі үшін жасалған игі істің бірі ретінде Болат және Жанұзақ ағалардың қолдауымен Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің аумағына құдық қазылып, су шығарылды. Бұл – жамағат игілігіне арналған сауапты әрі көпке пайдасы тиетін қайырлы амал болды.
Құдық қазу – сауапты садақалардың бірі. Себебі су – тіршіліктің көзі, ал адамдарға су жеткізу исламда үлкен сауапқа ие игі іс саналады. Осы орайда мешітке құдық қаздырып, жамағаттың қажетіне жарату – үзілмейтін сауаптың бастауы.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): « «Жеті амалдың сауабы пендеге қайтыс болған соң, қабіріне барып тұрады: Үйреткен білім, ағызған өзені, қазған құдығы, еккен құрмасы, тұрғызған мешіті, мұра етіп қалдырған Құраны және күнәсін кешіруін тілейтін ұрпағы» - деген. Байқасаңыз, хадистегі жеті жақсылықтың екеуі халықты сумен қамтамасыз етуге байланысты. Өйткені, қоғамға ең көп пайдасы тиетін жақсылықтың сауабы мол болады.
Бұл жасалған іс мешітке келуші жамағат үшін үлкен игілік әрі сауапты іс болмақ. Осындай қайырлы іске демеушілік жасаған Болат және Жанұзақ ағаларға Алла Тағала мол сауаптан жазып, ризық-несібелерін арттырсын. Мешітке жасалған әрбір игі іс ел игілігіне қызмет етіп, көпшілікке пайдасын тигізе берсін.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



23 Сәуір 2026
6 Зуль-каада 1447

