Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде рухани кеш өтті. Әйел-қыздар секторының қолдауымен ұйымдастырылған жиында діни сауат ашу курсында білім алып жүрген 35 шәкірт Құранға түсті.
«Құран – көңіл айнасы» атты шара тек Құран табыстау рәсімімен шектелген жоқ. Кеш барысында ұлттық нақыштағы мақал-мәтелдерге негізделген сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, қатысушылардың білім деңгейі мен зеректігі байқалды.
Сонымен қатар, қоғамда өзекті болып отырған ажырасу мәселесі сахналық көрініс арқылы көрермен назарына ұсынылды. Тағылымды қойылым отбасы құндылықтарының маңызын айқындап, көрерменге ой салды.
Өңірдегі сектор жетекшісі Жазира Иманалиеваның айтуынша, кештің басты мақсаты – Құранға деген құрметті арттыру, жастардың діни сауатын көтеру және қоғамдағы өзекті мәселелерге рухани тұрғыдан назар аударту.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



23 Сәуір 2026
6 Зуль-каада 1447

