«Рахымбай ата» мешіті жамағатының рухани білімін арттыру мақсатында Имам Тирмизидің «Шәмәил Мухаммадия» кітабынан тағылымды дәрістер жүргізілуде.
Бұл кітапта Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезі, болмысы, жүріс-тұрысы және күнделікті өмірдегі өнегелі амалдары кеңінен баяндалған.
Дәріс барысында имам жамағатқа Алла Елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолын түсіндіріп, оның көркем мінезін үлгі етуге шақырды. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сипаттарын тану арқылы мұсылманның сүйіспеншілігі артып, сүннетке деген құрметі күшейетіні насихатталды.
Осындай рухани дәрістер жамағаттың діни сауатын арттырып қана қоймай, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Жамағат та дәріске белсенді қатысып, рухани әсер алуда.
Алдағы уақытта да осы дәріс мешітте тұрақты түрде жалғасын таба бермек.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Сәуір 2026
10 Зуль-каада 1447

