Меркі: «Ішімдіксіз ауыл» акциясы аясында дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Меркі: «Ішімдіксіз ауыл» акциясы аясында дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ішімдіксіз ауыл» акциясы аясында «Шәкір ата» мешітінің имамы Жабыкбайев Еркебұлан ауылдағы дүкен иелерімен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамда зиянды әдеттердің алдын алу.

Игі шара барысында имам дүкен иелеріне ішімдік өнімдерінің адам денсаулығына, отбасы берекесіне және қоғам тұрақтылығына тигізетін кері әсерлері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ ислам дінінде арақ-шараптың арам етілгені айтылып, мұндай өнімдерді сатудан аулақ болудың маңызы насихатталды.

Имам өз сөзінде әрбір кәсіп иесі қоғамға жауапты екенін, адал кәсіп пен пайдалы сауданың берекесі мол болатынын атап өтті. Кездесу соңында дүкен иелері де көтерілген мәселелерді түсіністікпен қабылдап, пікір алмасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: