«Ботбай баба» мешітінде жастарға арналған рухани кездесу өтіп, мешіт ұстазы Есеналиев Еламанның тарапынан «Жастар арасындағы стресске төзімділік» тақырыбында тағылымды насихат айтылды.
Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы жастардың психологиялық жүктемелері, күйзеліс жағдайлары және онымен күресу жолдары туралы түсіндірме берілді. Ұстаз сабырлылық, имандылық және дұға арқылы ішкі тыныштыққа жетудің маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, жастарға уақытты тиімді пайдалану, пайдалы істермен айналысу, ата-анаға құрмет көрсету және Аллаға тәуекел ету арқылы рухани тұрақтылықты сақтау насихатталды. Ислам дініндегі сабыр мен шүкірдің адам өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді.
Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Сәуір 2026
10 Зуль-каада 1447

