Талдыбұлақ ауылы жастарының ұйымдастыруымен ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кіші футболдан жарыс өтті.
Аталған спорттық шараның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді өткізу, бірлік пен достықты нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын дәріптеу болды. Жарысқа бірнеше команда қатысып, тартысты әрі қызықты ойындар өткізді.
Ойын барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, әділ бәсеке рухында сынға түсті. Жеңімпаз командалар кубок және медальдармен алғыс марапатталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


27 Сәуір 2026
10 Зуль-каада 1447

