Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында жәннатта бір адамның дәрежесі көтеріліп, ол: “Маған бұл дәреже қандай себеппен берілді?” – деп сұрайды. Сонда оған: “Сенің ұрпағыңның сен үшін тілеген кешірімі себеп болды”, – деп айтылады», – деген.
Тағы бір хадисінде: «Расында, Алла сендер үшін алты нәрсені жек көрді: намазда тыныш тұрмау, берген садақаға міндетсіну, оразада әдепсіз сөйлеу, қабір қасында күлу, мешітке дәретсіз кіру және үйлерге рұқсатсыз көз сұғу», – деп ескерткен. Осыған орай Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа «Зират және зиярат мәдениеті» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы мәліметтер ұсынылды. Жиналған жамағат өз ризашылықтарын білдіріп, марқұм болған жақындарына дұға бағыштады. Алла Тағала дүниеден өткен ата-бабаларымыз бен туыстарымызды рақымына бөлеп, күнәларын кешірсін! Арттарынан салиқалы ұрпақ қалдырсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

