Қордай: «Қақпатас» мешітінде көктемгі абаттандыру жұмыстары жасалды

Қордай: «Қақпатас» мешітінде көктемгі абаттандыру жұмыстары жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әнас ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жеті түрлі амалдың сауабы пенде дүниеден өткеннен кейін де қабіріне жетіп тұрады: ілім үйрету, құдық қазу, ағаш отырғызу, мешіт салу, Құранды мирас етіп қалдыру және өзінен кейін дұға ететін ізгі ұрпақ қалдыру», – деген.

Бұл хадисте, әсіресе, ағаш отырғызудың сауабы үзілмей жалғасатыны ерекше айтылған. Тіпті отырғызылған ағаш кейін өзге біреудің меншігіне өтсе де, оны еккен адамға сауап жазыла береді. Имам Мүслим риуаят еткен хадисте де: «Оның сауабы қияметке дейін жалғасады», – деп баяндалған.

Осы игі амал аясында Қордай ауданы, Қақпатас ауылы «Қақпатас» мешітінде көктемгі абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мешіт имамы Жармахамбет Танаубайұлының ұйымдастыруымен мешіт айналасына тазалық жұмыстары жасалып, тал көшеттері отырғызылды. Алла разылығы үшін жасалған әрбір іс пен дұғаларымыз қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: