Қордай: «Суицид – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті

Қордай: «Суицид – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласы – жаратылыстың ең ардақтысы. Алла Тағала қасиетті Құранның «Исра» сүресі, 70-аятында: «Біз адам баласын ардақтадық…», – деп, оның өзгелерден жоғары жаратылғанын баяндайды. Сондықтан адам өмірі – аса қымбат аманат. Оған қол сұғу, ар-намысына тию, зұлымдық жасау немесе өз өмірін қию – дінімізде қатаң тыйым салынған әрекеттердің бірі.

Исламда жазықсыз бір жанның өмірін қию – бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп қарастырылады. Бұл – адам өмірінің қаншалықты құнды екенін айқын көрсетеді. Осыған орай Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешітінде «Суицид – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға мешіт имамы Серік Төленұлы және жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында адам өмірінің қадірі мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді. Мұндай тағылымды кездесулер жас буынның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, олардың рухани тәрбиесіне оң ықпал етеді. Алла Тағала баршамызға амандық, саулық беріп, әрбір ісімізге береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: