Ағаш отырғызу – сауапты әрі берекелі амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына бөлену әрбір мұсылманның арманы. Бурайдадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Мен Алла елшісінің: «Қиямет күні жер бетіндегі ағаштардың санындай адамдарға шапағат етуін үміт етемін», – дегенін естідім», – делінеді.
Демек, жер бетінде ағаш көбейген сайын, сауапқа кенелетін жандар да арта түседі. Сондай-ақ хадистерде ағаш немесе егін еккен адам үшін періштелер оның өсіп тұрған уақыты бойы кешірім тілейтіні айтылған. Періштелер кешірім сұраған пенденің күнәсін Алла Тағала кешіреді. Ал Қасиетті Құранның «Рахман» сүресінде: «Өсімдіктер мен ағаштар да Аллаға сәжде етеді», – деп баяндалады.
Осы игі істі жалғастыра отырып, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінде көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Мешіт имамы Саламат Сәлімұлының бастамасымен жамағат бірлесе еңбек етіп, мешіт аумағына тал көшеттерін отырғызды. Алланың үйлері әрдайым көркем, таза әрі көгерген болсын! Ізгі амалдарымыз қабыл болғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

