Қордай: «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығында сенбілік өтті

Қордай: «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығында сенбілік өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тазалық – имандылықтың көрінісі. Ислам тек құлшылық пен жеке бастың тазалығы ғана емес, қоршаған ортаның тазалығы мен тәртібін де талап ететін дін. Ислам – тазалық діні. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жолдағы зиянды нәрсені алып тастау – садақа», – деген.

Имам ибн Хажар (Алла оны рақымына алсын) бұл хадиске былайша түсіндірме жасаған: «Бұл істі садақа деп атаудың мәнісі – сен жолдан зиянды нәрсені алып тастау арқылы ол жолмен өтетін адамдардың амандығына себепкер боласың. Бұл – дәл садақа бергенмен тең. Сол себепті сен бұл ісің үшін садақа жасағандай сауап аласың». Осы орайда Қордай ауданы, Масаншы ауылы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығында  сенбілік өтті.

Қарилық орталығында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, төңірек реттелді. Осы шараға ұйытқы болған орталық директоры Саламат Сәлімұлы тазалыққа қатты назар аударуды тапсырды. Баршамыздың тазалығымыз бен денсаулығымыз мықты болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: