Қордай: «Еңбек» мешітінде көгалдандыру жұмыстары жасалды

Қордай: «Еңбек» мешітінде көгалдандыру жұмыстары жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран аятында: «Өсімдіктер мен ағаштар Алла Тағалаға сәжде етеді». Ал, адамдар үшін ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты екенін екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) мына хадисінен аңғаруға болады: «Кімде-кім бір тал ексе Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады».

Аса Үстем Алла Тағаланың мейірімі кең ғой.  Тағы бір хадис шәріпте: «Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратқандарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа».

Осы орайда Қордай ауданы, Еңбек ауылы «Еңбек» мешітінде көгалдандыру жұмыстары жасалды. Мешіт имамы Адамбек Абитаевтың ұйымдастыруымен мешіт төңірегіне тазалық жасалып, талдар тігілді. Баршамыздың садақаларымыз қабыл, ниетіміз түзу болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: