Шу ауданындағы “Төле би” мешітінде игі іске бастайтын қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық науқаны аясында 2 бас қой сойылып, олардың еті мұқтаж 14 отбасыға таратылды. Сонымен қатар, әрбір отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді.
Шара барысында мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы жиналған жамағатқа насихат айтып, қайырымдылық жасаудың маңызы мен сауапты іс екендігін кеңінен түсіндірді. Ол өз сөзінде бір-біріне қамқор болу, қиындықта қол ұшын созу – мұсылмандықтың асыл қасиеттерінің бірі екенін атап өтті.
Қайырымдылық көмегін алған тұрғындар ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, жылы тілектерімен бөлісті. Бұл шара – қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықтың жарқын көрінісі болды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

