Төртінші сәуір күні "Төртбай ата" мешітіне, мешіт жамағатының ұйымдастыруымен сенбілік жұмыстары жасалды. Мешіт ауласы тазаланып, ескі қурай, шөп-шалан қоқыстардан тазартылды.
Осы бір көктем мезгілінде ұйымдастырылатын көктем жұмыстарына мешіт жамағатының белсенді ат салысып, ауызбіршілік, ынтымақтастықпен жәрдем беруі, мұсылманшылық пен бауырмашылықтын бір көрінісі.
Дінімізде тазалық өте маңызға ие. Ал, мешітіміз әрдайым таза болса, мешіттің көркіне көрік қосып, ажарын одан да ажарландырып тұратыны белгілі.
"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

