"Төртбай ата" мешітінде мешіт жамағатына айлық дастархан жайылды. Жамағатпен өткен келелі сұхбат барысында, ауылымызда кенжелеп ұмыт бола бастаған дәстүрлер мен ұлттық нышандарымызды қалай қайтып ел арасында насихаттап жаңғыртамыз деген тақырыпта еркін әңгіме болды.
Жамағатта өз ойларын еркін айтып, ойға ой қосып өздерінің ұсыныстарымен бөлісті. Сұхбат барысында жамағаттың ойын сергіту мақсатында кішігірім ойын ұйымдастырылды.
"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі


22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

