Талас: Аудан аудагері жастарға насихат айтты

Талас: Аудан аудагері жастарға насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт жамағатына тоғыз құмалақтан дәріс ұйымдастырылды. "Төртбай ата" мешіті жамағатына ұлттық ойын тоғыз құмалақтан дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті мешітіміздің ардагер батагөй қариясы, Талас ауданына белгілі сазгер, Талас ауданында ардагерлер арасында шахматтан өткен жарыстын жеңімпазы, Талас ауданына еңбегі сіңген ардегер ұстаз Серік Керімбеков өткізді. Өзіміздің осындай ұлттық ойындарымызды мешіт жамағаты арасында насихаттап жатқанымыз, өскелең ұрпаққа көрсетіп жатқан үлгі өнеге және насихат.

Жамағат дәрісті өте ықыласпен тыңдап, ойынды тез меңгеріп алуға болатынын түсінді. Тоғыз құмалақ ойыны математикалық жүріс пен адамның ойлау қабілетін дамытатын күрделі ойын түрі. Ұлттық ойынды үйренуге деген қызығушылықтары арта түскен жамағаттын ұсынысымен дәрісті жиі өткізіп тұру керек екені айтылды.

"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: