Талас: ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай 35 түп ағаш отырғызылды

Талас: ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай 35 түп ағаш отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Сәду Шәкіров ауылындағы Байтоқты баба мешітінде ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай игі шара өтті. Мешіт имамы Оспанов Бақдәулеттің бастамасымен мешіт ауласына 35 түп ағаш отырғызылды.

Шараға ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты қатысып, бірлесе еңбек етті. Бұл бастама қоршаған ортаны көгалдандырумен қатар, сауапты іске үлес қосуға үндейтін маңызды шара болды. Қатысушылар ағаш отырғызу – сауапты іс әрі келер ұрпаққа қалдырылатын аманат екенін атап өтті.

Игі бастама аясында табиғатты қорғау, айналаны көгалдандырудың маңыздылығы кеңінен насихатталды. Бұл шара ауыл көркін арттырып қана қоймай, көпшілікке үлгі боларлық тағылымды іс ретінде бағаланды.

"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: