Талас: Тамды ауылында спорттық сайыс өтті

Талас: Тамды ауылында спорттық сайыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тамды ауылы, "Тәңкібай ата" мешітіміздің имамы Нұрбол Мырзаханұлының ұйымдастыруымен мекемелер арасында спорттық сайыс өтті. Дәстүрлі сипат алған шараға 4 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс барысында қатысушылар қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс және шар үрлеу сияқты спорт түрлерінен жарысты.

Әр кезең тартысты өтіп, командалар өздерінің ептілігі мен күшін көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушы Нұрбол имам оларды арнайы марапаттады. 1-орын иеленген командаға 50 мың теңге, 2-орынға 40 мың теңге, 3-орынға 30 мың теңге табысталды. Ал соңғы орын алған командаға ынталандыру мақсатында 20 мың теңге берілді.

Аталмыш іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайыс қызықты әрі тартысты өтіп, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: