Қожағаппар ауылында дәстүрлі емес діни бағыттарды түсіндіру жұмыстары өтті. Қожағаппар ауылындағы Қолбасшы Қойгелді мешітінде жамағатқа арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Мешіт имамы Мусатаев Жексенбай дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны туралы кең көлемді уағыз-насихат жүргізді.
Кездесу барысында имам жамағатқа жат діни ағымдардың ерекшеліктерін, олардың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіріп, дәстүрлі діннің құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, күмәнді ақпарат көздерінен сақ болуға және діни мәселелерде сенімді мамандарға жүгінуге шақырды.
Шараға қатысқан ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтіп, жамағат үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.
Қолбасшы Қойгелді мешітінің баспасөз қызметі


23 Сәуір 2026
6 Зуль-каада 1447

