Талас: Жат ағымнан сақтану үшін түсіндіру жұмыстары жасалды

Талас: Жат ағымнан сақтану үшін түсіндіру жұмыстары жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жат діни ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары өтті. Қасқабұлақ ауылы. Әбілхан қажы мешітінде жамағатқа арналған кезекті рухани кездесу ұйымдастырылып, онда діни сауаттылықты арттыру мәселесі кеңінен қозғалды.

Шара барысында имам Асанов Хеурза жиналған көпшілікке дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Уағыз-насихат кезінде имам уахаби-салафилік ағымның белгілерін түсіндіріп, мұндай бағыттардан сақтанудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, жамағатты діни мәселелерде сенімді дереккөздерге сүйенуге және бірлік пен тұрақтылықты сақтауға шақырды. Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жиын мазмұнды өтіп, қатысушыларға пайдалы рухани азық болды.

"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: