Талас: Тамды ауылында дөңгелек үстел өтті

Талас: Тамды ауылында дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тамды ауылында “Отбасы – аманат” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тамды ауылы. Тәңкібай ата мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлы ауылдық мәдениет үйінде аталмыш мекеменің қызметкерлерімен “Отбасы – аманат” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шара барысында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ қоғамдағы отбасының орны туралы кеңінен сөз қозғалды. Қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел мазмұнды әрі еркін форматта өтіп, қатысушыларға отбасы тәрбиесі мен жауапкершілігі жөнінде маңызды ойлар берді.

"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: