Талас: Бала тәрбиесі ислам негізінде

Талас: Бала тәрбиесі ислам негізінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аққұм ауылында “Исламдағы бала тәрбиесі” тақырыбында уағыз-насихат өтті. Аққұм ауылындағы "Тұңғатар ата" мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында мешіт имамы Абатов Дәурен жиналған қауымға исламдағы бала тәрбиесі тақырыбында уағыз-насихат айтты. Имам өз сөзінде бала тәрбиесінің исламдағы орны, ата-ананың жауапкершілігі және ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие берудің маңызы туралы кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ, ізгілікке негізделген тәрбие арқылы қоғамның берекесін арттыруға болатынын атап өтті. Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, шара мазмұнды әрі тағылымды өтті.

"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: