Талас ауданында “Ислам және отбасы” тақырыбында уағыз-насихат өтті. Талас ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы жылды “Ислам және отбасы” жылы деп бекітуіне орай жамағатпен рухани кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы кең көлемді уағыз-насихат айтып өтті.
Уағызда отбасы құндылықтарын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, некенің беріктігі және исламдағы отбасы институтының маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, қоғамдағы ізгілік пен тұрақтылықтың негізі – берік отбасы екені атап өтілді. Кездесу соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Шара рухани мазмұнға толы өтіп, қатысушыларға пайдалы ойлар қалдырды.
Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.


23 Сәуір 2026
6 Зуль-каада 1447

