Қызыләуіт ауылында нашақорлықтың зардабы туралы уағыз-насихат өтті. Қызыләуіт ауылындағы Жаңабай сопы мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт имамы Әбдіқали Төсбаев нашақорлықтың зардабы мен оның қоғамға тигізетін зияны туралы уағыз-насихат айтты. Әбдіқали имам өз сөзінде зиянды әдеттердің адам өміріне, денсаулығына және отбасы берекесіне кері әсер ететінін түсіндіріп, жастарды мұндай қауіптен аулақ болуға шақырды.
Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстану мен имандылық жолын берік ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Кездесу соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді. Шара мазмұнды өтіп, қатысушыларға пайдалы рухани ой салды.
"Жаңабай сопы" мешітінің баспасөз қызметі.


23 Сәуір 2026
6 Зуль-каада 1447

