Қаратау қажы би мешітінде діни ағымдар туралы түсіндіру уағызы өтті. Аудандық Қаратау қажы би мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында мешіттің наиб имамы Асқарбек Серікұлы діни ағымдар тақырыбында уағыз-насихат айтып, “таблиғи жамағаты” ағымы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Асқарбек имам аталған бағыттың ерекшеліктері мен діни көзқарастары жайлы мәлімет беріліп, жамағатқа діни мәселелерде сақ болу және сенімді дереккөздерге сүйенудің маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ, бірлік пен тұрақтылықты сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, шара мазмұнды әрі түсіндіру бағытында өтті.
Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.


20 Сәуір 2026
3 Зуль-каада 1447

