Үшарал ауылында “дін мен дәстүр сабақтастығы” тақырыбында насихат өтті. Үшарал ауылындағы Абдулла Ишан мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу ұйымдастырылды.
Қыдырбек имам Қыдырбек Көпбосынұлы дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбында үзік әңгіме түрінде насихат айтты. Қыдырбек имам ислам құндылықтары мен қазақ халқының салт-дәстүрінің үйлесімділігін атап өтіп, дәстүрді құрметтеу мен рухани тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, ұлттық болмысты сақтау қоғам бірлігіне ықпал ететінін жеткізді. Кездесу соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар берілді. Шара тағылымды өтіп, қатысушыларға рухани әсер қалдырды.
“Абдулла Ишан” мешітінің баспасөз қызметі.


20 Сәуір 2026
3 Зуль-каада 1447

