«Діни ағымдар жарға жығады» тақырыбында уағыз насихат айтылды. Әбілхан қажы мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу өтті. Мешіт имамы Асанов Хеурза жиналған көпшілікке жат діни ағымдардың қауіп-қатері туралы түсіндіріп, олардан сақ болудың маңыздылығын атап өтті.
Херуза имам өз сөзінде діни білімді тек сауатты мешіт қызметкерлері мен сенімді дереккөздерден алудың қажеттігін айтып, әлеуметтік желідегі күмәнді ақпараттарға еріп кетпеуге шақырды. Сондай-ақ, дұрыс діни білім қоғамның тұрақтылығы мен рухани тұтастығына негіз болатынын жеткізді. Аталмыш бас қосу мазмұнды өтіп, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.


20 Сәуір 2026
3 Зуль-каада 1447

